Список документов
«Тіл - халықтың жанын танудың кілті» аудандық байқау

2018 жылы  ақпанның  16- шы жұлдызында  Ақмола  облысы, Атбасар  қаласында  Елбасының «Болашаққа  бағдар: Рухани  жаңғыру » мақаласындағы «Туған жер» жобасының  негізінде, Қазақстан Республикасының  елордасы – Астана  қаласының 20 жылдық  мерейтойына  орай мемлекеттік  тілді жоғары деңгейде  меңгерген   өзге ұлт  жастарын  анықтау және ынталандыру,  тіл  мәдениетінің деңгейін және  мемлекеттік тілді  қолдану  беделін арттыру мақсатында  «Тіл - халықтың жанын  танудың  кілті» атты 16-19  жас    аралығындағы  мектеп, колледж жасөспірімдерімен  аудандық байқау   өтті.  Сайыстың басты  міндеті   өзге ұлттардың  қазақ тілін қаншалықты  жетік  меңгергенін тыңдап  байқау.  Сайысқа қатысушылар   саны 12 үміткер  болды.  Оның бірі   колледжіміздің «Аспаз» мамандығының      1 курс  студенті  Кулиева   Зульфия  қатысты. Аудандық байқауда  белсенділік танытқаны  үшін алғыс хатпен марапатталды.  Сайыс  Мәдениет орталығында  өтті.

Автор: Санияз Нурумгуль
Просмотров: 137
Дата создания: 23 Февраля 2018 г.
Дата редактирования: 23 Февраля 2018 г.
www.egov.kz
Опрос